2025 жылғы 11 қазанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде еліміз бойынша жалпыұлттық сенбілік болып өтеді.

Бұл тек тазалау күні емес – бұл бірлік, туған жеріне қамқорлық көрсету, өз кіші Отанына сүйіспеншілік білдіру күні!

Барлық тұрғындарды, еңбек ұжымдарды, кәсіпорындарды, ұйымдарды, МИБ және ПИК-ді өз аулаларын, көшелерін, саябақтарын жинауға, үй маңындағы аумақтарын абаттандыруға, ағаш отырғызуға және қоғамдық аймақтарын көгалдандыруға белсене қатысуға шақырамыз.

Таза қаламыз – біздің абыройымыз.

Ауданымыздың тазалығы мен игілігіне бағытталған жұмысына жұмыла кірісейік!

Әркімнің туған жерінің сұлулығы мен абаттандыру ісіне қосқан үлесі мол болсын!

Құрметпен, Жітіқара ауданының әкімдігі