200,5 млн теңге көлеміндегі күрделі жөндеудің арқасында Мәдениет үйі ауыл тұрғындарына заманауи, жайлы және толық жаңартылған кейіпте есігін айқара ашты. Енді ауыл тұрғындары мәдени іс-шаралар, кездесулер, шығармашылық кештер мен мерекелерді өткізуге арналған ыңғайлы орынға ие болды.
Бұл жоба облыс әкімінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, өңірдегі мәдениет нысандарын жаңарту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.