«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша Приречное ауылында қарағай отырғызу

«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша Приречное ауылында қарағай отырғызу

Күні бойы ауыл тұрғындары жаңарудың, өмірдің, болашақ ұрпаққа қамқорлықтың символы – 50-ден астам қарағай көшеттерін отырғызды.

Ағаш отырғызуға мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, қоғам өкілдері, ауыл тұрғындары және ауыл әкімі Ходзинский Сергей Ивановичтің өзі қатысты.

– Ағаш отырғызу – ауылды көгалдандыруға ғана емес, ұлт денсаулығына, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қосылған үлес, – деп атап өтті ауыл әкімі.

Жұмыс орны ауыл орталығында орналасқан, көгалдандыруды қажет ететін қоғамдық аумақ болды. Шараны ұйымдастырушылар шет қалмай, ауылдың көркейіп, жайлы болуына атсалысқан жандарға алғыстарын білдірді.

Мемлекеттік деңгейде қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің елді мекендерін ауқымды абаттандыру, тазарту және көгалдандыруға бағытталған.

 

Приречное ауылы Қазақстанның тазалығы мен сұлулығы тұрғындардың қолында екенін тағы бір дәлелдеді.