
Көктемде және күзде жұқа мұзбен жабылған су қоймасының бетіне шығу өте қауіпті. Алайда, жылсайын көптеген адамдар сақтықшараларын елемейді және жұқа мұзға шығады, осылайша олардың өміріне қауіптөндіреді.
Жыл сайын жұқа мұз адам өліміне әкеледі. Әдетте, қайтыс болғандардың арасында балалар мен балықшылар жиікездеседі. Егер сіз қауіпсіздікер ежелерін сақтасаңыз, оқиғаларды болдырмауға болады. Ең жиі себептерінің қайғының су айдындарында – алкогольдік мастану. Адамдар қауіпке дұрыс жауап бермейді және төтенше жағдайда дәрменсіз болады.
Мұзға шыққанда өте мұқият болу керек және қауіпсіздік шараларын сақтау керек:
Балаларды мұзға (балық аулауға, шаңғымен, конькимен сырғанауға) ересектердің қарауынсыз жібермеңіздер.
Мас күйінде мұзға шығуға, секіруге және мұз үстімен жүгіруге, бір нүктеде көп адамдар жиналуға, жылдам ағыспен өзендерде пайда болған жұқа мұзға шығуға тыйым салынады.
Осыған байланысты Целиноград ауданынң ТЖБ ересектер мен балаларға су объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі жайлы ескертеді.
Сақтықтың қарапайым шараларын орындау – Сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі!