Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу 408-бап

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу 408-бап
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
Мал жаю ережелерін бұзу 408-бап

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген мал жаю ережелерiн бұзу -

үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жеке тұлғалардың мүлкiне зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет -

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту: 408-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2021 No 99-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.