
«Мемлекеттік қызмет келбеті» фотожобасы
Кетибаев Әлішер Төлегенұлы
Әлішер Төлегенұлы "Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімінің аппараты" ММ бас маман лауазымында жұмыс істейді.
Жітіқара политехникалық колледжін "құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. Колледжді бітіргеннен кейін "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" ММ Жастар практикасынан өтті, практиканы аяқтағаннан кейін "ЧелГУ" ФГБОУ Қостанай филиалында оқуды бастады, 2020 жылдан 2024 жылға дейін жеке кәсіпкер болып жұмыс істеді.
Жеке сектордағы жұмыс кезеңінде мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста болды, сондықтан өз күштерін сынап көруді шешті және "Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімінің аппараты"ММ бас маман бос лауазымына орналасу конкурсына қатысты.
2024 жылдың қазан айынан бастап Әлішер Төлегенұлы осы лауазымда еңбек етіп, ұжымның қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады.