"Үздік аула - 2026"атағын беру жөніндегі байқау

"Үздік аула - 2026"атағын беру жөніндегі байқау

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Жітіқара ауданында "Үздік аула - 2026" атағына қоршаған ортаға ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға және халықты туған жерге қамқорлық көрсету ісінде біріктіруге бағытталған байқау жарияланды.
Байқаудың мақсаты - Жітіқара ауданының барлық тұрғындарын елдімекендерді абаттандыруға, туған жерінің, туған өлкенің сұлулық пен тазалығын сақтау бойынша жауапкершілікке тарту. Өскелең ұрпақтың өз үлгі-өнеге арқылы туған жерге деген патриотизм сезімін тәрбиелеу болып табылады.
Байқауға өтінімдер 30 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау Жітіқара қаласы күніне арналған мерекелік іс-шарада болып өтеді. Жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздарды анықтау мынадай номинациялар бойынша өтеді:
1. Жітіқара қаласындағы КТҮ тұрғындары арасында үздік іргелес аумағы (әрбір шағынауданда 1 орын)
2. Жітіқара қаласындағы «Үздік аула» жекеше секторы (1,2,3 орындар)
3. Жітіқара ауданының ауылдарындағы «Үздік аула» (әрбір елдімекенде бір бірден)
4. Бизнес объектінің үздік іргелес аумағы (1,2,3 орындар)
5. Жітіқара қаласын абаттандыру ісінде ПИТК, ҮИК үздік жұмысы (1 орын)
6. Жітіқара қаласындағы үздік МИБ (1 орын)