🌸 «Наурыз достарын шақырады — 2026» халықаралық фестивалі 🌸

🌸 «Наурыз достарын шақырады — 2026» халықаралық фестивалі 🌸

🌸 «Наурыз достарын шақырады — 2026» халықаралық фестивалі 🌸

📍 17–19 наурыз күндері «Жастар сарайында» хореографиялық өнердің VII халықаралық фестивалі өтті.

Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Башқұртстан, Ресей және Беларусь елдерінің шығармашылық ұжымдары қатысты. Олардың қатарында «Карнавал» хореографиялық ұжымы да өнер көрсетті.

✨ Әр ұжым өз мәдениетінің ерекшелігін, би өнеріндегі шеберлігін жоғары деңгейде таныстырды.

🏆 Марапаттау рәсімінде Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүндікованың қолынан қатысушылар дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

🎖 Фестиваль негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Шамиль Фахрутдиновке ерекше құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.

💫 Фестиваль қорытындысы ретінде «Жастар сарайы» алаңында 500 қатысушы «Төрлет, Наурыз!» сөзін құрап, әсерлі флешмоб ұйымдастырды.