«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елімізде қандай шаралар жүзеге асырылады?

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елімізде қандай шаралар жүзеге асырылады?

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елімізде қандай шаралар жүзеге асырылады?
Бүгінде елімізде 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, ықтимал қауіптердің алдын алуға және балаларға жан-жақты қолдау көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Тұжырымдама аясында жаңа жүйелік тәсілдер енгізіліп, цифрлық құралдар кеңінен қолданылып, балаларды қорғау мен қолдау тетіктері жетілдіріледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
терезесі» атты республикалық ақпараттық акция өткізіледі. Акция балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алуға және ата-аналардың тұрмыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру аясында mGov платформасында «Баланың жолы» атты цифрлық жүйені іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жүйе балаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын бір жүйеге біріктіріп, түрлі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.

2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы биыл қаңтар айында Үкіметтің шешімімен бекітілді. Аталған тұжырымдама балалардың құқықтарын қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың жан-жақты дамуына бағытталған алғашқы бірыңғай стратегиялық құжат. Онда 158 іс-шара мен 10 негізгі индикатор көзделген.