ҚОСТАНАЙ ЖАСТАРЫ - жастарға арналған өңірлік несиелеу бағдарламасы

ҚОСТАНАЙ ЖАСТАРЫ - жастарға арналған өңірлік несиелеу бағдарламасы
ҚОСТАНАЙ ЖАСТАРЫ - жастарға арналған өңірлік несиелеу бағдарламасы
* Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
* ҚР азаматтығы
* Қостанай облысының барлық салаларында жұмыс істейтін 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас мамандар (ерлі-зайыптылар болған жағдайда тек біреуі ғана қатыса алады)
* Тұрғын үй жұмыс орны бойынша сатып алынады
* Қостанай облысында жұмыс өтілі (кемінде 6 ай; жеке кәсіпкерлер үшін - 1 жылдан кем емес)
* Соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйдің жеке меншікке тіркелмеуі және иеліктен шығарылмауы (кәмелетке толмағанға дейін жекешелендіру немесе мұрагерлік арқылы алынған үлесті қоспағанда)
* Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген жалдамалы тұрғын үйдің болмауы
* Соңғы 6 айдағы отбасының орташа айлық табысы 150 АЕК-тен аспауы тиіс
* Бағдарламаға отбасының бір ғана мүшесі қатыса алады
* Баллдар тең болған жағдайда жасы үлкен үміткерге басымдық беріледі
* «Отбасы банк» АҚ-да бастапқы жарнасы бар жинақ шотының болуы
🏠 Несиелеу шарттары:
* Қарыздың ең жоғары сомасы:
Қостанай қаласы — 18 млн теңгеге дейін
Қостанай облысының аудандары — 15 млн теңгеге дейін
* Бастапқы жарна: 10%
* Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 5%
* Қарыз мерзімі: 19 жылға дейін
* Тұрғын үй сатып алу (бастапқы/қайталама нарықтан)
⭐ Балдар бойынша іріктеу: неке, балалар, еңбек өтілі, әлеуметтік сала, мүгедектігі бар отбасы мүшелері. Балл тең болса — жасы үлкен қатысушы өтеді.
📌 Қажетті құжаттар тізімі:
* Жеке куәлік (кәмелетке толған барлық отбасы мүшелеріне)
* Неке туралы куәлік (бар болған жағдайда)
* Балалардың туу туралы куәліктері, оның ішінде асырап алынған балалар
* Қабылданған күні мен еңбек өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама (фирмалық бланкісінде)
* Соңғы 6 айға арналған БЖЗҚ-нан зейнетақы жарналары туралы анықтама
* ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің бар (жоқтығы) туралы анықтама - өтініш берушіге және бірге тұратын отбасы мүшелеріне
* Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы)
* I–II топтағы мүгедектігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда)
* Жедел қызмет атқаруының әскери билеті (бар болған жағдайда)
* Балалары бар жесірлер/тұл ер адамдар үшін — жұбайының қайтыс болғаны туралы куәлік
* Еңбек өтілін растайтын құжаттар (ҚР ЕК 35-бабына сәйкес)
📌 Ескерту: Комиссия балдарды тексеру және есептеу үшін қосымша құжаттар сұратуға құқылы.
📍 Құжаттарды қабылдау орны: Жітіқара қаласы, Е.Есжанов көшесі, 13, 21-кабинет, «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
📞 Тел.: 8 (71435) 2-09-10