Бруцеллез - адамға ауру жануардан жұғатын жұқпалы ауру. Ол барлық органдарды зақықмдаумен әрі ауыр ағымымен сипатталады. Бұл ауру түрлі жануарларда, мысал ретінде сиырда, ит, шошқа, қой, ешкі және түйеде кездеседі.
Инфекция көбінесе ауру жұқтырған жануармен, күтім заттарымен, қоқыспен, тамақ қалдықтарымен тікелей байланыста болған кезде тарайды. Сонымен қатар, жануардан алынған өнімдерді (сүт және ет өнімдері), сондай-ақ терінің жарақаттары (сызаттар, кесулер және т.б.) арқылы таралу қаупі бар. Жұқтырылған мұздатылған ет және сүт өнімдерінде бруцеллез сақтау мерзімінде толықтай сақталады. Бруцеллез адамнан адамға жұқпайды, сондықтан науқасты оқшаулаудың қажеті жоқ.
Аурудың белгілері жұқтырғаннан кейін бір-екі аптада өткен соң байқалады. Бруцеллез кезінде келесі белгілер пайда болады: буындардың қатты ауырсынуы; ұзақ, кейде толқынды дене қызуы; түнде қатты терлеу; әлсіздік.
Бруцеллездің алдын алу үшін келесі ұсыныстарды орындау қажет:
Бруцеллезді емдеу ұзақ уақытқа созылады, сондықтан аурудың алдын алған дұрыс!