Заңсыз плантация: Б.Майлин ауданында каннабис өсімдіктерін өсірген ер адам ұсталды

Заңсыз плантация: Б.Майлин ауданында каннабис өсімдіктерін өсірген ер адам ұсталды

Заңсыз плантация: Б.Майлин ауданында каннабис өсімдіктерін өсірген ер адам ұсталды

Қостанай облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Береговое ауылында есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктінің үй маңындағы жер учаскесінен өзіне тән иісі бар 13 түп өсімдік табылды. Алдын ала болжам бойынша, бұл – каннабис. Полицейлердің айтуынша, ер адам тұқымды интернет арқылы сатып алып, оларды өз бақшасында өзі еккен.

Үйді тінту кезінде сонымен қатар электронды таразылар мен сыртқы белгілері марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат тәркіленді. Медициналық сараптама күдіктінің ағзасында каннабиноидтардың бар екенін растады.

Ер адамның айтуынша, ол есірткі заттарын тек жеке қолдану үшін өсіріп, сақтаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, арнайы сараптама тағайындалды. Ол тәркіленген өсімдіктердің иісі ерекше заттардың есірткі, психотроптық зат немесе олардың аналогы не прекурсор екендігін, сондай-ақ салмағын анықтау үшін қажет.

Мұндай құқықбұзушылық үшін ер адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция азаматтарға ескертеді: есірткі заттарын өсіру және сақтау, тіпті жеке қолдану мақсатында және аз мөлшерде болса да — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.