
2024 жылғы 10 шілдедегі №17 отырыс хаттамасының тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша қолайлы эпизоотиялық жағдайды қолдау және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Пригородное ауылының аумағында 03.06.2025 жылы жергілікті полицияның учаскелік қызметкерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал шаруашылығы өнімдерін бақылаусыз тасымалдауға жол бермеу бойынша рейдтік іс-шара өткізілді, "Жітіқара ауданы Пригородное ауылы әкімінің аппараты "ММ маманы және"ҚР АШМ Жітіқара РТИ КВКИН" ММ мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекциясының маманы
Рейд барысында "ауыл шаруашылығы жануарлары мен жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау бойынша" халыққа арналған жадынамалар түсіндіріліп, табыс етілді. 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 "Ветеринария туралы" ҚРЗ 21-бабына сәйкес: орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшін пайдаланылатын және пайдаланылған көлік құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті дезинфекциялауға жатады.
Мал қозғалысының бұзылу фактілері анықталған жоқ.