Соңғы үш жылда ауылдарда атқарылған жұмыстар

Соңғы үш жылда ауылдарда атқарылған жұмыстар

Соңғы үш жылда ауылдарда атқарылған жұмыстар

Соңғы үш жыл ішінде ауылдық аумақтарды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, 182 ауылдың кіреберіс жолы жөнделіп, 305 ауылдық елді мекендегі 1 072 көше қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, 98 ауылдағы 293 көше учаскесіне алғаш рет асфальт төселді. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 76 км тротуар салынды.

15 400 аулаға орталықтандырылған су желісі тартылды.
Ауылдардағы көше жарықтандыру деңгейі 2022 жылғы 57,8 пайыздан 90,3 пайызға дейін өсіп, 1,5 есеге артты.

194 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл шамамен 905 жеке үйге тең.
12 сүт тауарлы ферманың құрылысы жоспарланған, оның үшеуі аяқталып, пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласында 32 жаңа нысан салынды. Арқалық және Жітіқара қалаларында аудандық көпсалалы ауруханалар ашылады.
Білім беру саласында 4 мектеп пен 5 балабақша пайдалануға берілді.
Спорт саласында 20 жаңа нысан бой көтерді.
Сонымен қатар, 4 жаңа Мәдениет үйі салынды, биыл тағы екі мәдениет нысанының құрылысы аяқталады.

Жыл соңына дейін барлығы 22 ауылда 30 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.