📌  Фактчек | Бетін жабатын киімді киюге тыйым салу дегеніміз не?

📌  Фактчек | Бетін жабатын киімді киюге тыйым салу дегеніміз не?

📌  Фактчек | Бетін жабатын киімді киюге тыйым салу дегеніміз не?

 🔍 Факт: Қазақстанда шынымен де қоғамдық орындарда бет-әлпетін жауып тұратын киім киюге тыйым салынған. Бұл ереже қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жеке тұлғаны сәйкестендіруді күшейту мақсатында көзделген.

📖 Заңның нормасы: «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңының 21-4-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда заңда көзделген жағдайларды (қызметтік, медициналық, ауа райы және өзге де негізделген себептер) қоспағанда, адамды бет-әлпетін жауып тұратын киімді (мысалы, никаб, балаклавалар және т.б.) киюге тыйым салынады.

 ⚖️Бұл неге маңызды?

🔹 Адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету

🔹 Құқықбұзушылықты болдырмау үшін тұлғаны визуалды сәйкестендіру мүмкіндігі

🔹 Құқыққа қарсы әрекеттер жасаған кезде жеке басын жасыру мақсатында жабық киімді пайдалануды болдырмау

❗️Маңызды: Бұл тыйым дінге қарсы бағытталмаған және ешкімнің бостандығын шектемейді. Ол тек қоғамдық тәртіпті сақтау шеңберінде ғана қолданылады және адам толық жасырынған жағдайларға ғана қатысты.

💡 Қорытынды: Қоғамдық орындарда бет- әлпетін жауып тұратын киім кию - бұл дін мәселесі емес, қауіпсіздік мәселесі. Заң діндарлардың құқықтарын шектеуге емес, қоғамның мүдделерін қорғауға бағытталған.