Тексерулер нәтижесінде 1256 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

Тексерулер нәтижесінде 1256 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

Тексерулер нәтижесінде 1256 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

2024 жылдың 15 сәуірінен бастап бүкіл ел бойынша "Таза Қазақстан" акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты — қоршаған ортаның ластану мәселесіне назар аудару, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, - деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері белсенді азаматтармен бірлесіп рейдтер өткізіп, заңсыз қоқыс тастау орындары мен қалдықтарды төгу фактілерін анықтауда. Сондай-ақ тұрғындар мен ұйымдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәртіп сақтаудың маңыздылығын еске салып келеді. Акция басталғалы бері 2 426 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. 480 мыңнан астам құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға құқықбұзушылықты жою туралы 1 500-ден астам ұсыным жолданып, соның негізінде 1 256 қоқыс үйіндісі жойылды.
- Есіңізде болсын: таза табиғат — баршамыз үшін қауіпсіз әрі жайлы өмірдің кепілі! Экологияны қорғайық! Құқықбұзушылықтар туралы 102 нөміріне немесе iKomek — 109 қызметі арқылы хабарлаңыз. Қазақстанды бірге таза және көрікті етейік! - деді ведомствода.

#ТАЗАҚАЗАҚСТАН
#тұрақтыдаму
#тазаел
#экология
#TazaChallenge @TazaQazaqstan