Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қостанай облысында 300 мыңнан астам ағаш отырғызылды
Үкімет отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру абаттандыру және өңір аумақтарын тазарту жұмыстары туралы баяндады.
⚫️Оның мәліметінше, 2,5 жыл ішінде 87 саябақ пен шағын бақтар абаттандырылып, 293 балалар мен спорт алаңдары орнатылды. Бұл орындар отбасылық демалыс пен қарым-қатынас орталықтарына айналды.
4 мың көшеге 48 мыңнан астам шам орнатылды. Көшені жарықтандыру деңгейі 2023 жылдан бастап 57%-дан 90%-ға дейін өсті, бұл елді мекендерді жайлы әрі қауіпсіз етті. Биыл жарықтандыру жұмыстары аяқталады.
🛠191 көппәтерлі үй жөнделді: шатырлар, балкондар, қасбеттер жаңартылды, сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Бұл қалалар мен ауылдардың заманауи, таза келбетін қалыптастырады.
🌲Қостанай облысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2,5 жыл ішінде 338 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.