ҚР АШМ ауыл шаруашылығы жануарларының иелері үшін пайдалы мобильді қосымша әзірленді

ҚР АШМ ауыл шаруашылығы жануарларының иелері үшін пайдалы  мобильді қосымша әзірленді

ҚР АШМ ауыл шаруашылығы жануарларының иелері үшін пайдалы

мобильді қосымша әзірленді

 

Қазақстанда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-дегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп әзірледі.

Қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі, әрбір жануар иесі (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және т.б.) өз малына түгендеу жүргізе алады. Осының арқасында ветеринарлар ветеринарлық-профилактикалық шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.

Қолданба смартфондар арқылы жұмыс істейді. Бағдарлама арқылы ветеринариялық төлқұжат алуға болады және болашақта малды сатып алу-сату, жоғалған кезде тегті ауыстыру, сондай-ақ союдан кейін жануарды есептен шығару рәсімдерін жасауға болады.

«TortTulik» ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналады. Қолданбада саланың соңғы жаңалықтарын жіберу мүмкіндіктері, алдағы вакцинация туралы хабарламалар және т.б. бар.

Қолданба жаңартылған сайын ет сатып алушыларға арналған бөлім енгізіледі.  «Sogym.kz» бөлімде қазақстандықтар жануардың ветеринариялық бақылауынан өткен ұшаға тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден тапсырыс бере алады.

Сондықтан ауыл шаруашылығы жануарларының барлық иелеріне ақпараттық, жеке пайдалануға ыңғайлы, «TortTulik» мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз.