Қазақстан Республикасында бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып 31 тамызға дейін жалғасады.
Өтініштерді қабылдау жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) жүзеге асырылады.
Осы білім беру ұйымында мектепалды даярлықтан өткен және оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, өңірлер бойынша өтініштерді кезең-кезеңімен қабылдау тетігі енгізілуде.
Өңірлер бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау кестесі
|
Кезең
|
Өңірлер
|
|
27 мамыр – 31 тамыз
|
Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы
|
|
10 маусым – 31 тамыз
|
Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы
|
|
18 маусым – 31 тамыз
|
Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы
|
|
29 маусым – 31 тамыз
|
Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы
|
Қызметті онлайн алу
Қызметті онлайн қалай алуға туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар);
Қызмет көрсету нәтижесі
Портал арқылы жүгінген жағдайда - қабылданған шешім туралы хабарлама электрондық құжат нысанында "Менің өтінімдерім" бөліміне жолданады.
Қызмет көрсетушіге (қағаз түрінде) жүгінген жағдайда:ткелісім болғанда - қызмет алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі, бас тарту болғанда - қызмет алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.