Милютин ауылында Мәдениет үйінің күрделі жөндеуі аяқталды.
200,5 млн теңге көлеміндегі күрделі жөндеудің арқасында Мәдениет үйі ауыл тұрғындарына заманауи, жайлы және толық жаңартылған кейіпте есігін айқара ашты. Енді ауыл тұрғындары мәдени іс-шаралар, кездесулер, шығармашылық кештер мен мерекелерді өткізуге арналған ыңғайлы орынға ие болды.
Бұл жоба облыс әкімінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, өңірдегі мәдениет нысандарын жаңарту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.