2025 жылғы 4 маусымда Чайковский мектебінің ғимаратында Жітіқара ауданының әкімі А. Жаныспаевтың 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы Жітіқара ауданының әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы есептік кездесуі өткізілді.
Кездесуге ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, Жітіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері, Жітіқара қаласы мен ауданның полиция бөлімінің өкілдері, мал дәрігері, БАҚ өкілі, халқы – 45 адам қатысты.
Кездесу барысында тұрғындардың бірқатар сұрақтарына жауаптар берілді. Сұрақтар бақылауға алынды, кейбіреулері бойынша түсініктемелер берілді.