Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін тиісті емес пайдалану үшін жауапкершілік Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін  тиісті емес пайдалану үшін жауапкершілік Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

- мемлекеттік рәміздерді қорлау 11 796 000 теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ҚК 372-бабы);

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртібін бұзу 196 600 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 458-бабы);

- ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау (ҚР ӘҚБтК 458-бабы 1-бөлігі) айыппұл салуға әкеп соғады:
- жеке тұлғалар үшін 78 640 теңге
- лауазымды тұлғалар үшін 196 600 теңге
- шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 196 600 теңге
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 275 240 теңге
- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 786 400 теңге;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (белгілеу, орналастыру) (ҚР ӘҚБтК 1-1-бабы 458-бабы) айыппұл салуға әкеп соғады:
- жеке тұлғалар үшін 19 660 теңге
- лауазымды тұлғалар үшін 39 320 теңге
- шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 39 320 теңге
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 76 640 теңге
- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 117 360 теңге.
ҚР Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану барлық мәселелері бойынша «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ жүгінуге болады.
❗ Мемлекеттік рәміздерін пайдалану үшін жауапкершілігі тек мемлекеттік органдарда ғана емес, ел азаматтарында да бар екенін есте сақтау маңызды. Осы ережелерді сақтау – бұл біздің тарих пен өскелең ұрпақ үшін ортақ жауапкершілігіміз.
📢 Еліміздің рәміздерін сақтай біліңіздер!
#рәміздерге құрметпен