Есірткінің "бетбелгілерін" немесе оларды өткізуді жүзеге асыратын адамдарды анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі

Есірткінің "бетбелгілерін" немесе оларды өткізуді жүзеге асыратын адамдарды анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі

Жалпы қағидалар
Жеке қауіпсіздік - басымдық.
ҚАТТЫ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: күдікті заттарға қол тигізу, күдікті тұлғаларды өз бетінше ұстау.
Барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуы керек.

Егер есірткінің «қалтасын» тапсаңыз
1. Затқа қол тигізбеңіз.
2. Орналасқан жерін бекітіңіз (координаталар, фото, бейне,).
3. 102 нөміріне дереу хабарласыңыз.
4. 102 операторына бар ақпаратты беріңіз (дәл мекен-жай, бағыттауыш белгілер, заттың сипаттамасы).
5. Мүмкіндігінше полиция келгенше,
затты көзбен бақылауда ұстаңыз.
6. Тек полиция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет етіңіз.

Егер есірткінің «қалта салушысын» (курьерін) анықтасаңыз
1. Байланысқа түспеңіз.
2. Күдікті тұлғаның белгілерін бекітіңіз (жалпы сипаттама: ұлты, бойы, жасы, ерекше белгілері, киімі, жүріп өткен жолы, автомобильдегі мемлекеттік нөмірлердің болуы).
3. 102 нөміріне дереу хабарласыңыз.
4. 102 операторына мүмкіндігінше көп ақпарат беріңіз.
5. Қауіпсіз қашықтықтан бақылаңыз, күдікті тұлғамен
байланысқа түспеңіз.

Құқықтық салдарлар
ҚР ЖК 112-бабы - қажетті қорғаныс шегін асыру.
ҚР ЖК 125-126-баптары - бостандықты заңсыз шектеу.
ҚР ЖК 296-297-баптары - есірткі құралдарын заңсыз сақтау немесе сату.