Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Бүгін әкімдік ғимаратында Ветеринариялық станцияның басшысы Сарымсаков С.Ж. және полицияның учаскелік инспекторы Буранов Н.С.-тің қатысуымен ауылдық округ аумағында жылқы бағумен айналысатын тұлғалармен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жануарларды бірдейлендіру мәселелері, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тәуліктің қараңғы уақытында жануарларға жарық қайтарғыш таспаларды қолданудың маңыздылығы түсіндірілді.