Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жітіқара қаласында тротуарларды жөндеу және қалалық инфрақұрылымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жітіқара қаласында тротуарларды жөндеу және қалалық инфрақұрылымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, 2025 жылдың өткен кезеңінде келесі жұмыстар орындалды:
• Ш. Уәлиханов көшесінде — орталық шығыршықтан Партизанская көшесіне дейін, жалпы сомасы 57,7 млн теңге (облыстық бюджет);
• Таран көшесінде — Жітіқара қаласының өрт сөндіру бөлімі маңында, жалпы сомасы 11,5 млн теңге (жергілікті бюджет);
• 5В шағын ауданында, №11А үйінің бойы — жалпы сомасы 3,1 млн теңге (қалалық бюджет)
Бұдан бөлек, 25,6 млн теңге сомасына Павлов көшесінде емхана маңында тротуар мен автотұрақ аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба екі жылға есептелген: 2025 жылы тротуарды абаттандыру, ал 2026 жылы автотұрақ аймағын толық аяқтау жоспарланған.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру қаланың абаттандыруды жақсартуға, жаяу жүргіншілердің қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға, сондай-ақ қала тұрғындары үшін жайлы жағдайлар жасауға бағытталған.