📢 Жітіқара ауданы әкімінің Большевик ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесуі

📢 Жітіқара ауданы әкімінің Большевик ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесуі

24 қазан күні Тургеновка ауылында Жітіқара ауданы әкімінің Большевик ауылдық округі тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында аудан әкімі халықты ағымдағы жобалармен және алдағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларымен таныстырды.
Ауыл тұрғындары тарапынан сумен қамту, жол инфрақұрылымы, абаттандыру және басқа да маңызды мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

✅ Мұндай кездесулер мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруға және халықтың мұқтаждықтарына жедел әрекет етуге ықпал етеді.