ЭҚАБЖ-дан «Е-Архив» АЖ-ға құжаттардың көші-қоны. «Е-Архив» АЖ модульдеріндегі жұмыс тәртібі» семинарын өткізу туралы
2025 жылғы 14 мамырда аудан әкімдігінің кіші залында «ЭҚАБЖ-дан «Е-Архив» АЖ-ға құжаттардың көші-қоны. «Е-Архив» АЖ модульдеріндегі жұмыс тәртібі тақырыбында практикалық семинар өтті. Семинардың модераторы Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы Е. Бостынец болды. Семинар жұмысына мемлекеттік мекемелердің 20 маманы қатысты.
Слайд-презентацияның көмегімен Елена Александровна қатысушыларға ЭҚАБЖ-дан «Е-Архив» АЖ-ға құжаттарды көшіру тәртібін, ақпараттық жүйедегі сараптамалық комиссияның жұмысын, «СК/СТӘК комиссияны әкімшілендіру» модулінде маршруттар құруды түсіндірді. «Істер тізімдемесі, құжаттар», «Істер номенклатурасы» модульдерінде істер номенклатурасын құру барысы, істер тізімдемесі, оларға істердің тақырыптарын, құжаттарды қосу және оларды ұйымның сараптамалық комиссиясының қарауына жіберу қаралды.
Мекеме мамандары талқыланатын тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.