Құрметті жітіқаралықтар!
9 мамыр күні атақты дата - Ұлы Жеңісінің 80-жылдығы атап өтіледі.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады, бірақ қайтпас қайсар қайратымен қан майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер, офицерлер мен партизандардың, тылда жанкешті еңбек еткен - жұмысшылар мен мұғалімдердің, қариялар, әйелдер мен балалардың есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейді. Жеңіске жеткендердің ерлігі – біздің ортақ мақтанышымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында өзінің сөз сөйлеуінде былай деп айтты: «Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл – ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал және антқа берік болғанын ұмытпау деген сөз». Жеңіс туралы естелік – бұл майдангерлер мен тыңгерлерге тағзым ғана емес, онымен қоса ұлттық рухымыздың мықтылығын көрсететін символы болып табылады.
Құрметті тыл еңбеккерлері! Бұл күні сіздердің тылда аянбай ерліктеріңіз, соғыстан кейінгі жылдар ішінде шыдамдылықтарыңыз, тәуелсіз Қазақстан дамуына қосқан үлестеріңіз үшін бас иіп, тағзым етеміз. Отан болашағына жасалған игі істеріңіз үшін алғысымызды қабыл алыңыздар!
Құрметті жерлестер, Ұлы Жеңістің 80-жылдығымен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, ұзақ ғұмыр, бақыт және отбасылық береке тілеймін!
Жітіқара ауданының әкімі А.Жаныспаев