Құрметті жітіқаралықтар!

Құрметті жітіқаралықтар!

                          Құрметті жітіқаралықтар!

 

Қазақстанда 7 мамырда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Бұл күн батылдық, жанқиярлық пен өз еліне деген шын берілгендіктің символы болып табылады. Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлайтын әскери қызметшілер мерекесі.

Бүгінгі таңда қазақстандық армия – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күші ғана емес, бұл жауынгерлік даярлықтың, жарақтандырудың және ұтқырлықтың жоғары деңгейіне қол жеткізген және патриотизм рухын біріктіретін қуатты институт.  

Қарулы Күштер қатарындағы қызмет адам бойындағы төзімділік, абырой, туған жерді қорғау дайындығы секілді үздік қасиеттер тәрбиелейді. Еліміздің бейбіт болашаққа үлес қосу – әрбір ер азаматтың қасиетті борышы болып табылады. Армия адамгершілік бағдарының иеленуші, өткеннің батылдық дәстүрлерінің жалғастырушы болып саналады. Ұлы Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында мұның үлкен мәні бар. Ата-бабаларымыздың биік рухы, ерлігі мен қаһармандығы, Отанға деген сүйіспеншілігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. 

Бұл мерекелі күні әскери қызметшілері мен ардагерлерінің ерлігі мен қайсарына алғыс білдіремін.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби табыстар мен жетістіктер тілеймін! Әр отбасында қуаныш пен тыныштық орнасын!     

  

 

Жітіқара ауданының

әкімі                                                                     А. Жаныспаев