«Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай…»
2025 жылғы 06 мамырда Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің қызметкері А. П. Попкова Жітіқара қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына "Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай" тақырыбында түпнұсқа архивтік құжаттардың экспозициясын ұсынды. Ұсынылған құжаттар негізінде архивші жетіғариндіктерді майданға жұмылдыру, тылдағы жұмыс, азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларға карточкалық жүйені енгізу, Қызыл Армияны жабдықтау, эвакуацияланған халықты қабылдау және т. б. туралы айтып берді.
Іс-шара соңында оқушыларға мемлекеттік архивтың қоймалары бойынша экскурсия өткізілді.