Бос орындар жәрмеңкесі
2025 жылғы 25 сәуірде Жітіқара ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкерлері мемлекеттік қызметке кіру шарттарын түсіндіру мақсатында Жітіқара политехникалық колледжінде өткен ауданның Мансап орталығы ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Бос орындар жәрмеңкесі барысында мемлекеттік қызметке кіру тәртібі және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін қойылатын талаптар туралы түсіндіру үшін колледж студенттері мен ауданның азаматтары жүгінді. Барлық ізденушілерге Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органдарында бар бос жұмыс орындарының тізімі ұсынылды, қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.