Түсінікке жол: діни сауаттылық арқылы ұлтаралық келісімді нығайту

Түсінікке жол: діни сауаттылық арқылы ұлтаралық келісімді нығайту

А.ж. 8 сәуірде Жітіқара ауданында ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде діни сауаттылықты арттыру және ұлтаралық пен конфессияаралық келісімді нығайту жобасы бойынша жұмыс басталды. Аталған жобасын іске асырушы «Қостанай облысының психологтар ассоциациясы» ҚҚ болып табылады.

Қоғамдық қоры мен деструктивті діни ағымдардың құрбандарына көмек көрсету орталығының басшысы Юлия Калюжная № 4, № 12 мектептерінің, Абай атындағы мектеп-лицейінің, гимназияның жоғары сынып оқушыларымен және Жітіқара политехникалық колледжінің студенттерімен сұхбаттар өткізді.

Жастар бейне материалдардың іріктеп алынғанын талқылай отырып, бүгінгі күні жастардың дәстүрлі емес діни ұйымдарға тартылу жолдарын және деструктивті әсерден қалай қорғануға болатынын талдады. Олар Қазақстан үшін қандай діндердің дәстүрлі екенін және қандай ұйымдардың тыйым салынғанын білу маңызды деген қорытындыға келді. Әрбір жас адамға отбасында ұрпақтан-ұрпаққа берілетін діни дәстүрдің негіздерін білу маңызды. Әлеуметтік дағдылар мен байланыстарды дамыту да маңызды, олар жасөспірімнің тұлғасын әртүрлі манипуляцияларға психологиялық тұрғыдан орнықты етіп қалыптастыруға көмектеседі: бұл – сыни ойлау, күйзелуге төзімді болу, ойлау мен әрекетте тәуелсіз болу, озбырлық пен зорлық-зомбылықсыз жанжалдарды шешу қабілеті. Бұл – отбасы, мектеп және жеке адамның қатысуымен жүзеге асырылатын үлкен жұмыс.

Жоба шеңберінде оқушылармен өткізілген кездесулермен бірдей өзге іс-шаралар қатары көзделген – еңбек ұжымдарда, жастармен кездесулер,  жыл бойы өткізілетін педагогтармен семинарлар, бүктемелер әзірлеу және тақырыптық бағыттағы әлемуеттік бейнеролик  құру. Сондай-ақ мектеп пен колледж оқушыларымен жаңа оқу жылында жұмыс жалғасатын болады. 

Аталған іс-шараларда аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарының, сараптама кеңесінің өкілдері, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы О.В.Бурушпаева, сондай-ақ ішкі сясат бөлімінің өкілдері қатысты.