Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын қайта бастау туралы
2025 жылғы 15 наурыздан бастап Жітіқара ауданының әкімдігі Мемлекеттік кірістер басқармасының бастамасымен микро- және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеуге бағытталған «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын іске қосты.
«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде (қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де) фискалдық чек алу, «Amian» арнайы мобильді қосымшасындағы чектен штрих-кодты сканерлеу және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде сыйақы алу қажет.
«Amian» қосымшасын App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.
Аудан кәсіпкерлерін бақылау-касса машиналарды белсенді қолдануға және әрбір сатып алушыға фискалдық чектер беруге шақырамыз, бұл тұтынушы құқығын қорғауға және мемлекеттік бастамаларды қолдауға ықпал етеді
#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ