Taza Qazaqstan

Taza Qazaqstan

 

Taza Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап бүкіл республика бойынша «Таза Қазақстан» тұрақты экологиялық бағдарламасы бастады.

Аталған бағдарлама сенбіліктер өткізуді ғана емес, жалпы еліміз бойынша қалалар мен ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды көздейді.

Акцияны іске асырудың сапасын арттыру, тұрғындардың барынша көп санын тарту үшін қоғамның, белсенді тұрғындардың тарапынан қоғамдық бақылау маңызды.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап tazaqazaqstan.kz веб-сайтында, сондай-ақ Taza qazaqstan телеграмм-боты арқылы жұмыс істейтін осыған ұқсас ақпараттық жүйе іске қосылды.

Ақпараттық жүйенің мәні әрбір азамат елді мекенді абаттандыруға байланысты кез келген мәселемен жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады. Бұл «Таза Қазақстан» ақпараттық жүйесіне өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.

Төменде өтінім беру нұсқаулығымен таныса аласыз.