Полиция бөлімінде кездесу
Ай сайын 4ҮББ жобаларының менеджері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қаланың және ауданның полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесулер өткізеді.
2024 жылғы 24 мамырда Полиция бөлімінде кезекті профилактикалық кездесу өтті, онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың түрлері, мүдделер қақтығысын реттеу тәртібі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсететін адамдарды көтермелеу шаралары қаралды.