Жітіқаралықтардың назарына!

Жітіқаралықтардың назарына!

Жітіқаралықтардың назарына!

Терроризмге қарсы жоспарлы оқу іс-шаралары өткізіледі! Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Жітіқара қаласының 6 шағын аудан 6 үй мекен жайы бойынша «Аудандық мәдениет сарайы» МКҚҚ аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жітіқара аудандық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу іс-шараларын өткізілді. Ic-шараның негізгі мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою болып табылады. Оқу-жаттығу барысында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің Ленин және Ақсұлу ақын көшелерінің шегінде қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.,