2023 жылғы 26 қыркүйекте аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс саласында 2023 жылдың өткен кезеңіндегі аудандағы қылмыстың жағдайы туралы, салық органдарында тіркемей пәтерді жалға беретін адамдарды анықтау, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері, сондай-ақ қаңғыбас жануарларды аулау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді және жылқыларды таврациялауды жүргізу мәселелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық қағидатын қалыптастыру жөніндегі жұмысының және «Amanat» партиясы аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысының қорытындылары қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері жауапты орындаушыларға анықталған проблемалық мәселелерді жоюға бағытталған тапсырмалар әзірледі.