Алкогольсіз сусын - құрамында алкоголь жоқ сусын. Алкогольсіз сусындар көбінесе газдалған және әдетте салқын түрде тұтынылады. Ең жиі қолданылатын алкогольсіз сусындар - шырындар, нектарлар, сергітетін сусындар (соның ішінде газдалған су, лимонад). Алкогольсіз өнімдерді өндіруге арналған негізгі шикізат: су мен қант; шырындар мен сығындылар; тағамдық мақсаттағы эссенциялар мен қышқылдар; квас ашытқысы концентраты. Сусынның рецептіне байланысты әр түрлі ТУ және МЕМСТ қолданылады, мысалы, МЕМСТ 28188-2014. Мемлекетаралық стандарт «Алкогольсіз сусындар. Жалпы техникалық шарттар», ҚР СТ МЕМСТ Р 52844-2009. «Алкогольсіз сергітетін сусындар. Жалпы техникалық шарттар», ҚР СТ МЕМСТ Р 51153-2005. «Нан шикізатынан газдалған алкогольсіз сусындар» және т. б.
Санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптар 2021 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-123 «Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және "алкоголь өнімін, алкогольсіз өнімді және ауыз суды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар" және 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 «Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалармен регламенттеледі. Оларда, объектілерді салуға жер учаскесін таңдауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, өнімді өндіру және сақтау жағдайларына және т.б., алкогольсіз өнімді өндіруге қойылатын санитариялық талаптар көрсетілген. Мысалы, 4-тараудағы 51-тармақта көрсетілген: объектілерде: өнімнің лас және пішіні бұзылған қаптамасына құйылуына; өнімді лас және пішіні бұзылған, айқын сынық белгілері бар, зақымдалған тығыны бар, жалпы лайлануы, бөгде қоспалары бар қаптамада сақтауға, тасымалдауға және өткізуге; тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған материалдардан жасалған қаптаманы (тығындау құралдарын) пайдалануға; қаптамада, тығындау құралдары мен заттаңбаларда желім қалдықтарының және ластанудың болуына жол берілмейді.
Өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпарат тауарға қоса берілетін таңбалау мен техникалық құжаттамада да бар. Өнім туралы ақпараттың рөлі сатып алушы үшін де, өндіруші үшін де өте маңызды, өйткені бұл ақпараттың болуы сатып алушыға қауіпсіздік пен сапаға кепілдік береді. Өнімді таңбалау Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдері оны таңбалау бөлігінде» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 022/2011), ЕАЭО ТР 044/2017, ЕАЭО ТР 047/2018 техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қорытындылай келе, қауіпсіз және сапалы өнімді сатып алу үшін қажет: