Конкурсты ұйымдастырушы: «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ;
электрондық поштаның мекенжайы: upp@kostanay.gov.kz;
байланыс телефоны: 8 (714-2) 90-20-50, 8 (714-2) 90-20-58.
Конкурстың мәні: Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шегінде ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлерге, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді беру орны: «Kezekte.kz» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2023 жылғы «14» тамыз бастап 2023 жылғы «23» тамызға дейін
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ ресми сайтында және Instagram (kiidb_kostanay) мен Facebook (https://www.facebook.com/upiirKO) әлеуметтік желілерінде танысуға болады.