Жітіқара қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі өткізетін оқу-практикалық семинар өтті

Жітіқара қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі өткізетін оқу-практикалық семинар өтті

        Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 5.2-тармағын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесіп, 2023 жылғы 30 мамырда Жітіқара қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі өткізетін оқу-практикалық семинар өтті.

        Семинарға аудандық маңызы бар қалалардың, Рудный қаласы, Лисаков қаласы, Жітіқара қаласы, Бейімбет Майлин ауданы, Жітіқара, Қамысты және Денисов аудандарының әкімдері мен аппарат қызметкерлері, аудандық мемлекеттік кірістер және қазынашылық басқармаларының басшылары, экономика және қаржы бөлімдерінің басшылары, жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысты.

        Семинар барысында мынадай тақырыптар қарастырылды:

- ҚР Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен бекітілген ҚР –дағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасына сәйкес жүргізіліп жатқан реформалар шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу туралы, баяндамашы Ж. С. Бораншина - ҚР Ұлттық экономика министрлігі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасының басшысы;

- аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мәселелері туралы, баяндамашы М. Б. Қурыкбаев - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік құжаттарды әзірлеу және мониторингілеу басқармасының басшысы;

- бюджеттің IV деңгейіндегі мемлекеттік сатып алу, баяндамашы Г. А. Баймаронова - ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу әдіснамасы басқармасының басшысы;

- IV деңгейдегі бюджетті жоспарлау және орындау (оның ішінде салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру), баяндамашы Ж. И. Демейсенова - Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

- Ауылдық округтің коммуналдық мүлікті басқару, баяндамашы А.С. Дарбаева – Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы.

        Кездесуге қатысушылар жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың алаңдататын мәселелері мен өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Заң жобаларын әзірлеу кезінде назарға алынатын ұсыныстар айтылды.