15 сәуірде Қазақстанда ерекше мереке – «Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу» атты қазақ аңызындағы батырлардың ұлы махаббатына арналған күн аталып өтіледі.
Бұл мереке Қазақстанда 2011 жылы пайда болды.
Мереке қарсаңында аудандық кітапханада «Махаббатқа толы отбасы....» атты құттықтау акциясы ұйымдастырылып, онда Ж.А. Әлмұхамедова (Аналар кеңесінің төрайымы – «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы), Виктория Тулубаева (аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы), Айнагүл Жулаева ( тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі), Юлия Цай (Қазақстандық ата-аналар одағының өкілі), Алмат Елшібаев (қазақ ұлттық орталығының әдіскері). Мәдениет саласының қызметкерлері 30 жылдан астам заңды некеде болған әріптестерінің отбасына барып құттықтады. Олардың көпшілігі биыл мерейтойын тойламақ. Мәселен, Өтеуовтер отбасы биыл 40 жыл, Қалиевтер отбасы 50 жылдығын тойламақ.
Біздің достық ұжым болып барған отбасылардан көптеген жағымды пікірлер алдық!
Акция ғашықтар күніне ғана емес, Жітіқара ауданының 95 жылдығына орайластырылып отыр.