Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі

Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес 2022 жылғы 23 қарашада Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппаратымен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1.Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;

  1. Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін түзетуді жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу туралы.

Жиналыс қорытындысы бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы – Николай Михайлович Клочков, жиналыстыңхатшысы –  Клавдия Николаевна Андрианова сайлансын.
  2. Жітіқара қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін нақтылау үшін жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелеріне келісуді және дауыс беруді ұсынамын.