Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы

Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы

Аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Ордашевтың төрағалығымен Жітіқара ауданы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу саласында
жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жастар ресурстық орталығының басшысы Д.Хайрат, Жітіқара политехникалық колледжінің директоры
М. Аблаев сөз сөйледі.

Жастар ресурстық орталығының психологы С.Б. Утешева және
заңгер К.В. Ильенко «Заман» радиосында «Есірткі және
кәмелетке толмағандар!», «Нашақорлықтың зияны туралы!»,
«Химиялық өлім!» және «Тоқта есірткі немесе сенікі емес маңызды!» тақырыптар бойынша 5 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.

Орталық жанындағы «Лидер» ЖҚБ еріктілері салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу бойынша
белсенді жұмыс жүргізілуде. «Лидер» ЖҚБ еріктілері салауатты өмір салтын насихаттай отырып, никотинге, алкогольге және есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысады.

Жітіқара политехникалық колледжінде әлеуметтік-психологиялық қызмет қызметкерлері, сынып жетекшілері білім алушылармен,
сондай-ақ олардың ата-аналарымен, қорғаншыларымен (қамқоршыларымен) жүйелі түрде топтық және жеке профилактикалық әңгімелер өткізеді. Сондай-ақ, міндетті түрде ювеналды полиция тобының, медициналық және өзге де ұйымдардың қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.

         Отырысқорытындысыбойыншатиістітапсырмаларберілді.