Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны азайып келеді

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны азайып келеді
25 қыркүйектегі Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Вирус жұқтырғандар еліміздің жеті өңірінде анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдыңғы күні 69 адам КВИ жұқтырған еді. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 41 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
• Астанада – 15;
• Алматыда – 11;
• Ақмола облысында – 1;
• Абай облысында – 2;
• Қарағанды облысында – 6;
• Қостанай облысында – 4;
• Солтүстік Қазақстан облысында – 2.
Елде барлығы 1 393 216 жағдай расталды.
Қазақстанда 882 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:
• Астанада – 32;
• Ақмола облысында – 797;
• Батыс Қазақстан облысында – 37;
• Қарағанды облысында – 6;
• Ұлытау облысында – 3;
• Маңғыстау облысында – 3;
• Павлодар облысында – 4.
Елімізде барлығы 1 377 365 адам COVID-19-дан жазылып шықты.