Аудандағы алғашқы әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі

Аудандағы алғашқы әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі

Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Жітіқара ауданы әкімі қолдаумен алғашқы рет «Жітіқара ауданында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» жобасы іске асырылады.

Жоба шеңберінде 3 тамызда «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Намыс» АБО» ҚБ  байқау қатысушылары комиссия алдында жобалар қорғаумен «Жітіқара ауданында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» өткізілді.

Жітіқара ауданының әкімі Н. К. Утегенов әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің тұсаукесерін  ашып, ауданда осындай жәрмеңке алғашқы рет өткізілетінін және осы мақсаттарға Жәрмеңке жеңімпаздардың 4 жобасын қаржыландыру үшін аудандық бюджет есебінен 800 мың теңге, әр жобаға 200 мың теңгеден бөлінгенін атап өтті.    

Аудандық Жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – халықтың белсенділігін танытуға септігін тигізу, қызықты бастамалар анықтау және қолдау, кейін жүзеге асыруға арналған айрықша жобалары мен өзекті әлеуметтік идеяларды іріктеу.    

Аталған іс-шаралар өткізу бастамашыл топтардың, халықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, мекемелердің ұсыныстарды қолдау бойынша сұхбаттық алаңы болып табылады.

Қорытындысында Нуржан Қайыржанович Жәрмеңке қатысушыларына сәттілік, жетістіктерді және өмірдегі жеке табысты ғана емес, өз жақындарыңызға, халқыңызға және еліңізге жасампаздықты тіледі. Сондай-ақ келесі жылда аталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар саны мен 1 жобаға қаржыландыру сомасы бөлімінде ақшалай қаражатты көбейтуіне мүмкіндік қарастыруымызды айтты.  

Іс-шара барысында жүргізуші «Намыс» АБО» ҚБ басшысы У.А. Кокжанова аудандық Жәрмеңкесінде халықтың бастамашыл топтардан, жастардан, ҮЕҰ, мекемелер қызметкерлерден 8 жобасы ұсынылғанын атап өтті.

  1. «Сто один день добрых дел» әлеуметтік жобасы - № 10 жалпы білім беретін мектебі, Синяшова Е.;
  2. «Оpen sky» әлеуметтік жобасы – Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы, Хайрат Д.;
  3. «Tra-Well» әлеуметтік жобасы - «Лидер»ЖҚБ, Утешева С.;
  4. «Музыкальная вечеринка» әлеуметтік жобасы – Тургеновка ауылы, «Yмiт» бастамашыл тобы Миляева Н.;
  5. «Чистота - залог патриотизма» әлеуметтік жобасы - Тасбулатова Ж., ерікті;

6.«Шығармашылықпен өмір сүру» әлеуметтік жобасы («Жизнь в творчестве») – Балалар шығармашылық мектебі, Колядина Е.;

  1. «Метеостанция» әлеуметтік жобасы - «9 region» бастамашыл тобы, Е.Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі, Баекенова С.;
  2. «Жасыл Жер» әлеуметтік жобасы - Лопатин В.

Одан әрі Жәрмеңке қатысушылары комиссия алдында өз әлеуметтік жобалары ұсынылды, одан кейін алқалы түрде 2022 жылы Жітіқара ауданында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің 4 жеңімпаздары анықталды:

 - «Шығармашылықпен өмір сүру» жобасы («Жизнь в творчестве») – Балалар шығармашылық мектебі, Колядина Е., баллдардың жалпы саны 289;

- «Сто один день добрых дел» жобасы - № 10 жалпы білім беретін мектебі, Синяшова Е., баллдардың жалпы саны 274;

- «Жасыл Жер» жобасы - Лопатин В., баллдардың жалпы саны 271;

- «Музыкальная вечеринка» жобасы – Тургеновка ауылы, «Yмiт» бастамашыл тобы Миляева Н.;  баллдардың жалпы саны 258; 

   «Жітіқара ауданында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің» жеңімпаздарға а.ж. тамыз-қыркүйек аралығында өз жобаларды іске асыру, содан кейін жоба іске асыру бойынша шығармашылық пен қаржы есептер ұйымдастырушы - «Намыс» АБО» ҚБ басшысы У.А. Кокжановаға 2022 жылғы 10 қазанға дейін ұсыну қажет.

Шығармашылық есеп жұмыс, іс-шаралар және жоба іске асыру нәтижелер   тізбесін қамтиды. Қаржы есепте жоба бойынша шығындар туралы ақпараты бар – смета және барлық қаржы құжаттарының көшірмелері.