Жітіқара ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің көшпелі отырысы

Жітіқара ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының  облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің көшпелі отырысы

2022 жылғы 27 шілдеде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облысындағы қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс тәжірибесін зерттеу, әдістемелік көмек көрсету және қоғамдық қабылдау бөлмесінде адамдармен кездесу мақсатымен келіп қарады. Осындай кездесулер тығыз әріптестік қосуымен қоғамдық үрдістер болжауға және бақылауға мүмкіндік береді.   

«Қаңтар оқиғалары даңққа бөленуге уақыт жоқ екендігін көрсетті. Жағдайы әр түрлі болып кетуі мүмкін» - дейді ҚХА Қостанай облысындағы қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Татьяна Булгацевич.

 Қостанай облысында ҚХА 204 қоғамдық келісім кеңестері өз жұмысын белсенді атқаруда.  

«Даму үшін бірлік» деген ұранымен өткізілетін осындай көшпелі отырыстар – бұл тек президент жолдаулар түсіндіруге арналған сұхбат алаңы ғана емес, сондай-ақ халықтың пікірін, кейін шешім қабылдау үшін атқарушы биліктің тиісті органдарға жолдайтын туындаған мәселелер мен сұрақтарын зерттейтін сұхбат алаңы.  

«Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облысы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобымен  экономикалық құраушыдан, өмір деңгейден бастап әр отбасының азық-түлік себетінің мөлшерге дейін үрдістердің аналитикасы жүргізіледі» - дейді Т.Булгацевич.      

Бүгінгі күннің маңызды міндеті – қоғамдық ұйымдармен бірлесіп түрлі маңызды іс-шаралар өткізу.

          ҚХА Жітіқара ауданындағы қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы                               А.Т. Щедухина өз сөйлеуінде ауданда 2015 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының Жітіқара ауданындағы қоғамдық келісім Кеңесі (одан әрі ҚХА ҚКК) әрекет ететінін атап өтті.  

ҚХА ҚКК мақсаты азаматтық институттар, қоғамдық, саяси және өзге де ұйымдардың қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік нығаю ісінде күштерін нығайту, қазақстандық сәйкестігінің дамуы мен қалыптасуы болып табылады.   

Ауданның ҚХА ҚКК құрамына келесілер кіреді: ішкі саясат, мәдениет бөлімдерінің, Жастар ресурстық орталығының басшылары, № 4 жалпы білім беретін және Жітіқара политехникалық колледжінің тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарлары,  «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, ауданның ҚБ басшылары – «Жітіқара ауданының мүгедектер ынтымақтастығы», «Бірлік» этномәдени орталығы», «Хуторок» украин ЭМО, Ардагерлер кеңесі, «Житикаракоммунэнерго» МКК және Жітіқара аудандық ауруханасы кәсіподак комитеттерінің төрағалары.

ҚХА ҚКК жұмыс органы – ішкі саясат бөлімі (хатшы – ІСБ әдіскері), Кеңес қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді, отырыста берілген шешімдер мен ұсынымдардың орындалуын қадағалайды, ардагерлік, кәсіподақтық, жастар ұйымдар және өзге де қоғамдық ұйымдардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруына және насихаттауына жәрдемдесу және тарту бойынша жұмыс өткізіледі.  

ҚХА ҚКК тұрақты негізінде аудандағы саяси-қоғамдық, мәдени-көпшілік іс-шараларда қатысады.   

ҚХА ҚКК бастамасы мен қатысуымен бейбіт пен келісім идеяларының құндылықтарын дәріптеуіне, этноаралық және конфессияаралық келісім нығайтуына бағытталған Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Балалар қорғау күні және т.б. шеңберінде түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі, қайырымдылықта, түрлі байқауларда, әлеуметтік желілердегі жобалары мен челлендждерде қатысады.  

Кеңес қызметі туралы ашықтық пен айқындық қамтамасыз ету мақсатында,  ҚХА ҚКК түрлі форматтағы өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат, материалдар, мүдделі мекемелерімен бірлесіп тұрақты негізінде БАҚ-та және әлеуметтік желілерде, Жітіқара ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.  

Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының Жітіқара ауданындағы қоғамдық келісім Кеңесінің бір жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі, түрлі ұйымдастырушылық мәселелер, Кеңес құрамының кадрлық өзгерістер талқыланады.   

Қазақстан халқы Ассамблеясының Жітіқара ауданындағы қоғамдық келісім Кеңесі

мемлекеттік мекемелерімен, ауданның барлық меншік нысандағы кәсіпорындармен, ҮЕҰ, БАҚ өзара әрекет етеді және түрлі форматтағы іс-шаралар өткізуге себептеседі.  

Жітіқара ауданында саяси-қоғамдық және этноаралық ахуалы тұрақты, этноаралық шиеленістің, кемсітушіліктің, даулылықтың фактілері және этноаралық саладағы басқа да проблемалық мәселер жоқ екені қуанышты.  

Кездесу қатысушылары әлеуметтік желілерінің тұрғындардың дүниетанымына, ұлтаралық араздығын қоздыруына зиянды ықпал етуінің мәселесі көтерілді.

         «Жітіқара аудандық ауруханасы» КММ «SENIM»  денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Сания Калмурзина былай деді:                 «Әрбір адам көбінесе жалған болып қалатын ақпаратты одан әрі аудармай, оны тоқтату қажет».

         Қостанай облысы аумағында 100 астам этнос пен жұрттың өкілдері өмір сүреді және Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде қоғамдық келісім қамтамасыз етуге және тұрақтылықты нығайтуына үнделді.  

         Осы тынышсыз уақытта қоғам бірлігін нығайту үшін әрбір адамның проблемалар естумен қатар, оны шешуде көмектесу маңызды. Сондықтан қоғамдық келісім Кеңесінің қоғамдық қабылдау бөлмесінің есіктері әрдайым ашық.  

         «Адамдар кез келген сұрақтармен жүгінеді, бірақ қала мен ауданда жиі алаңдайтын – бұл тұрғын-үй алу мәселесі – деп түсіндіреді Татьяна Булгацевич.  

- Банкта осындай сұрақтар көтерілуіне қарамастан, кейде барлық жағдаяттарда біз көмектесе алмаймыз. Бірақ әрқашан әрекет алгоритмі бойынша кеңес береміз. Кейде адамдар неден бастауды білмейді.»   

         Бұл күні Жітіқара ауданының қоғамдық қабылдау бөлмесіне заңсыз жұмыстан босату, кәсіби зияндылығы бар болуына байланысты жеңілдік зейнетке шығу, қызмет өткерген жылдар бойынша зейнетке шығу мүмкіндігін қайтару, сондай-ақ Пригородное ауылында бұрғылау жұмыстары мен коммуналдық қызмет көрсетуіне тарифтерді көбейту бойынша 6 адам жүгінді. Барлық адамдар мамандардың кеңестері алды.