Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі басты жетістіктерінің бірі мемлекеттік басқару, экономика және қоғамдық қатынастар жүйесін цифрлық трансформациялау болып табылады. Мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысымен іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдарға арналған 10 бағыт пен 211 іс-шарадан тұратын «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы бекітілді.
Жобаның мақсаты Қазақстанның цифрлық трансформация есебінен тиімді мемлекеттік басқаруы бар, сенімді деректер негізінде шешім қабылдайтын, сондай-ақ цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның қосқан үлесін арттыратын заманға сай елге айналуы болып табылады.
Ұлттық жобаның күтілетін әсері:
- мемлекеттік қызметтер телефонда 5 минут ішінде көрсетіледі;
- кепілдендірілген жылдамдықтағы интернет (қалалар – 10мб/сек, ауылдар – 5 мб/сек);
- 100 мың жаңа жұмыс орнын құру;
- криптоиндустриядан жыл сайын 79 млрд. теңге салық;
- АКТ саласындағы ЖІӨ үлесін 5%-ға дейін ұлғайту;
- ғалымдар мен зерттеушілер санын 34 мың адамға дейін ұлғайту;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға мемлекеттік емес инвестициялар үлесін 57%-ға дейін ұлғайту.
Сондай-ақ, ұлттық жоба 44 көрсеткішті қамтиды, 16 көрсеткіште жергілікті атқарушы органдар бірлесіп орындаушы болып табылады.
Қостанай облысының даму жоспарына 16 көрсеткіштің 12 көрсеткіші кірді: Ehealth (ехал) ядросымен деректер алмасуды қамтамасыз ететін медициналық ұйымдардың үлесі; халыққа көрсетілген қашықтықтан медициналық қызметтердің үлесі; республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында бейнебақылау камераларының санын ұлғайту; полицияны сандық құралдармен жабдықтау деңгейі; электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі; цифрланған жер деректерінің үлесі; цифрлық форматқа көшірілген оқулықтардың үлесі; ішкі контент үшін (Қазақстан ішінде) 100 мб/с және сыртқы контент үшін 8 мб/с төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген орта білім беру ұйымдарының үлесі; ішкі контент үшін (Қазақстан ішінде) 100 мб/с және сыртқы контент үшін 20 мб/с; ұлттық және өңірлік электр желілерінде электр энергиясының нормативтік-техникалық ысыраптарының деңгейін төмендету; қала құрылысы кадастрының цифрлық жоспарлы негізін құру үшін құрылыс салынған аумақтардағы түгенделген жер асты және жер үсті коммуникацияларының үлесі; АКТ саласындағы білікті кадрлардың саны; цифрлық стандартқа (үлгілік сәулет, эталондық стандарт) сәйкес келетін әкімдіктердің үлесі.
Қостанай облысының ұлттық жобасын және даму жоспарын іске асыру шеңберінде ауданда 2022-2023 жылдарға арналған цифрландырудың жол картасы әзірленді, онда жобаларды іске асыруға 16 жұмыс орнын құрумен 100 млн.теңгеден астам (жеке инвестициялар – 17 млн. теңге, бюджет-83 млн. теңге) көзделген. Жол картасы 3 бағыттан тұрады.
«Ауыл шаруашылығын цифрландыру» 1-бағыты бойынша - 2022-2023 жылдары ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
«Қауіпсіздікті цифрландыру» 2-бағыты бойынша - 2022-2023 жылдары 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның мақсаты халықтың өмір сүру қауіпсіздігін арттыру, цифрлық технологияларды пайдалану есебінен ЖКО санын қысқарту болып табылады.
Фотобейнетіркеу жүйесін енгізумен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ашу үлесі бойынша оң үрдіс, сондай-ақ өлім-жітіммен және жол-көлік оқиғаларының қысқарғаны байқалады.
Бүгінгі күні Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне 116 бейнебақылау камерасы шығарылды, ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 16 камера шығарылады.
«Экология саласындағы цифрландыру» 3-бағыты бойынша - жобаны 2022-2023 жылдары іске асыру жоспарланып отыр:
«Айнабұлақ, Дружба шағын ауданы, № 3,5 гараж кооперативтері аумағында бейне ағынын беру жөніндегі қызметтер» (6 бейнебақылау камерасын орната отырып). Жобаны іске асырудың экономикалық әсері стихиялық қоқыстар санын қысқарту болып табылады.
Осылайша, цифрлық трансформация біртіндеп мемлекеттің, бизнестің және әр адамның өмірінің барлық салаларына еніп, уақыт өте келе ол айқын және көрнекті бола бастайды.