Алтын белгі

Алтын белгі

2022 жылдың 16 маусымында аудан әкімдігінің үлкен залында түлектерге «Алтын белгі» белгілерін және үздік аттестаттарды тапсыру салтанаты өтті.

Жітіқара ауданының әкімі Нұржан Өтегенов 8 түлекке «Алтын белгі» төс белгілерін, Қостанай облысы әкімінің атынан гравертон дипломдарын және «Қостанай минералдары» АҚ сыйақысын, мектепті үздік бітірген 15 түлекке – аудан әкімінің Алғыс хаттарын және «Қостанай минералдары» АҚ сыйақысын тапсырды.

Аудан басшысы түлектерді мектептің табысты аяқталуымен құттықтап, «Алтын белгі» иегерлері 11 жыл бойы қажырлы еңбегімен өзінің табандылығын дәлелдеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылған ең лайықты оқушылар екенін атап өтті.

Нұржан Қайыржанұлы түлектерге  сәт сапар тілеп, олардың еліміздің дамуына өз үлестерін қосып, өздерінің бірегейлігін, құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін растайтынына сенім білдірді.