Мемлекеттік қызметшілер арасындағы әдеп

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы әдеп

2022 жылғы 17 мамырда Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы әдеп жөніндегі уәкіл З.С. Урманова мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауын бақылауды күшейту мақсатында «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

З.С. Урманова мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауын бақылау мәселелері бойынша
жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті
мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау,
сондай-ақ қайта өңдеу мәніне тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін түсіндірді.

Әдеп жөніндегі уәкіл жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларына түсініктеме берді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде фото және видео орналастыру,
әлеуметтік желілердегі мінез-құлық, мемлекеттік қызметшілердің киім нысаны бойынша түсініктемелер берілді.