«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің Жітіқара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, атап айтқанда:
1) эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру;
3) қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.
Объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидаларына сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша алуға болады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
«Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі.
Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар):
1) Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде) - өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары;
2) Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу;
3) Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтар жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларда - желдету қондырғылары, жабдықтары орналасқан жерлерде).
1) Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде) - қойма үй-жайлары.
1) Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы - өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары;
2) Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу.
1) Микроклимат параметрлерін зерттеу;
2) Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу;
3) Дозиметриялық өлшеулер (иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары);
4) Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеу – жұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде).
1) Микроклимат параметрлерін зерттеу (жұмыс және жолаушылар орындары (бар болса);
2) Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу (конструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін);
жұмыс және жолаушылар орындары (бар болса).
«Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) шикізат пен өнімге арналған нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі.
Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Толық ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 3-30-05, 3-30-06.
Басқарма басшысы А.Х. Ансагаев